Apple алдағы смартфондарына iPhone 17 Air деген атау қоймақ, деп хабарлайды Bloomberg журналисі Марк Гурман.
Бұл қисынды қадам. Себебі Apple «Air» атауын жұқа әрі ықшам MacBook пен iPad құрылғыларына қолдану арқылы үлкен табысқа жетті.
Сонымен қатар, бұл модель iPhone Plus немесе mini нұсқаларына қарағанда тұтынушыларға анағұрлым тартымды болуы мүмкін.
Гурманның айтуынша, iPhone 17 Air Apple-дің алғаш рет өздері әзірлеген модеммен жабдықталады. Бұл модем көктемде шығатын жаңа iPhone SE құрылғысында алғаш рет таныстырылмақ.
Бұдан бөлек, iPhone 17 Air Apple-дың ең жұқа смартфонына айналуы мүмкін – қазіргі iPhone-дардан екі миллиметрге жұқа. Бұл жаңалық Apple-дың бүктелетін iPhone мен iPad модельдеріне көшуге бағытталған маңызды қадамы болмақ.
Аталмыш құрылғылардың шығуы 2026 жылға немесе одан кейінгі уақытқа жоспарланған.
Гурман 2025 жылы Apple-дан күтілетін басқа өнімдер туралы да сөз қозғады. Олардың арасында ақылды үйге арналған жаңа хаб бар. Алайда Vision Pro аралас шындық гарнитурасының жаңартылған нұсқасы бұл тізімде жоқ.