Aqtobe Day Әлеумет

Есептегішті ауыстыру керек: аңғал азаматтарды алдаудың тағы бір жолы

Фото: myfin.by

​Зейнеткердің телефонына «WhatsApp» арқылы белгісіз адам қоңырау шалып, өзін «Трансэнерго» қызметкері ретінде таныстырған. Қоңырау шалушы электр есептегішті ауыстыру қажет екенін және тегін ауыстыру үшін 1414 нөмірінен келіп түскен SMS-ті айту керек екенін айтқан.

​Әрі қарай, өзін «банктің қызметкері» ретінде таныстырған адам қоңырау шалып, алаяқтар оның атына несие алып жатқанын және одан қорғану үшін «полиция қызметкері» қоңырау шалатынын хабарлаған.

Осыдан кейін хабарласқан «тергеуші» оған банктен қоңырау шалатынын және менеджердің барлық шарттарын орындау қажет екенін айтқан.

Осылайша, алаяқтарға сенген жәбірленуші «қауіпсіз шотқа» 2 млн теңгеден астам ақша аударған.

Полиция департаменті азаматтарды мұндай қоңыраулар түскен кезде мұқият болуға және интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша егде жастағы туыстарымен түсіндірме әңгімелер жүргізуге шақырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде екі оқушы көлікті айдап әкетіп, оны бағанаға соққан

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *