Home Isker Tilshi Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алмақ
Isker Tilshi

Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алмақ

Фото AFK.kz

Kaspi.kz акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Вячеслав Ким Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш бергенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл мәміленің Kaspi.kz компаниясына қатысы жоқ, деп хабарлайды vlast.kz. 

«Мен Қаржы нарығын реттеу агенттігіне (ҚНРА) Jusan Bank акцияларының 97,5%-ын сатып алуға өтініш бердім. Қазір бұл өтінішті реттеуші орган қарастырып жатыр. Реттеуші өтінішті егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін шешім қабылдайды деп күтілуде», — деді Ким.

Бұл мәміленің басталғаны туралы бейресми ақпарат өткен аптада тараған болатын. ҚНРА коммерциялық құпияға сілтеме жасап, ақпаратты растаудан бас тартты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version