Company

Қазақстандағы алғашқы онлайн-талдағыш: кеннің сапасы секундтар ішінде анықталады

Дөң тау-кен байыту комбинатында қазақстандық тау-кен саласында бұрын-соңды болмаған инновациялық жүйе іске қосылды. Енді өндірілген кеннің сапасын жер бетіне шыққан бойда, бірнеше секунд ішінде анықтауға болады. Бұл туралы «Қазхром» компаниясының корпоративтік коммуникация қызметі хабарлайды. 

Бұған дейін конвейердегі шикізаттың құрамын анықтау үшін сынамалар алынып, бірнеше сағат бойы химиялық талдау жасалатын. Жаңа Geoscan-M жүйесі бұл процесті толығымен автоматтандырды.

Өткен жылдың соңында №1 ұсатып-байыту фабрикасының конвейеріне «Сынама мұнарасы» орнатылды. Жаңа жүйе сынаманы автоматты түрде алып, кеннің құрамы мен ылғалдылығын конвейер таспасында анықтайды. Барлық мәліметтер бірден кәсіпорынның ақпараттық жүйесіне жіберіледі.

«Технологтар мен кеншілер кендегі хромның мөлшерін жедел көріп, байыту процестерін дер кезінде түзете алады. Бұл технологиялық қателерді азайтып, қоймадағы есептің дәлдігін арттырады», — дейді жоба менеджері Алексей Ганушкин.

Жаңа талдағыш кендегі бес химиялық элементтің (хром, темір, кальций, кремний және алюминий) және ылғалдылықтың мөлшерін нақты уақыт режимінде анықтайды. Өлшеу қателігі 1%-дан аспайды. Жүйе сағатына 1200 тонна кенді өңдей алады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Жер астындағы достық: Хромтау шахтасының екі батыры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *