Company

Колледждер мен ERG альянсы елдегі академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске қосты

Бірегей білім беру экожүйесі өз мүмкіндіктерін кеңейтіп келеді. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында еліміздің әр түкпіріндегі оқу орындарының студенттері енді серіктес колледждерге барып, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында тәжірибеден өте алады. Жақында Түркістан облысынан келген студенттер тобы ERG-дің қолдауымен Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде екі апталық тағылымдамадан өтті.

Екі апталық оқу барысында студенттер 14 өндірістік тақырыпты қамтып, еңбекті қорғау, электр және өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік ережелері сияқты негізгі ұғымдармен, сондай-ақ өндірістің қыр-сырымен танысты. Ал екінші аптада оларды ERG құрамындағы  «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинатының шахталарында тәжірибе күтіп тұрды.

Мұнда болашақ мамандар тәжірибелі тәлімгерлердің басшылығымен нақты өндірістік ортаға енді.

– Хромтаудағы екі апта тың ақпараттарға толы болды, — деді студент Нұрбақ Сұлтангерей. – Бастапқыда дәрістерге қатыстық. Бұл жақта лекциялар арнайы симуляторлармен және жергілікті шахталар түсірілген бейнероликтермен  өтеді екен. Олардың көмегімен біраз нәрсе үйрендік. Одан бөлек, перфоратор шашып-жинап, симуляторды жүргіздік, самосвалдарға отырдық. Сонымен қатар, маған Дөң комбинатының әлеуметтік пакеті ұнады. Осында жұмысқа тұру ойым бар. Бұл жақтың шахтасы мен бұрын түскен кеніштен мүлдем басқа.

Дөң тау-кен байыту комбинатының персонал және мәдениет жөніндегі директоры Жарас Жандәулетов студенттермен кездесіп, кәсіпорын жайында және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтып, қызметте өсу жолдарына тоқтады.

– Өткен жылы бізге ERG компаниясы өзін таныстырып кеткен болатын. Нәтижесінде студенттерімізге ұнап, осы жаққа келуді ойластырдық. Хромтау колледжімен екі жақты меморандум жасалған еді, — деді Кентау көпсалалы колледжінің оқытушысы Нұрдәулет Қанатұлы. – Бұл жаққа біз бірінші рет келіп тұрмыз. Кентау колледжінде ұңғылаушы, техник-технолог және жерасты тау-кен жұмысшысы мамандығында оқып жатқан 3-курс студенттерін алып келдік. Оқытушылар өндірісік процестерді кабинеттердегі симуляторлар арқылы түсіндіреді. Жергілікті шахталардың жұмыс барысын бейнероликтер арқылы көрсетеді. Бұл шахталық кәсіпті түсініп, бірден меңгеріп алуға септеседі. Біздің жақта мұндай көмекші жабдықтар жоқ. Сондықтан бізге бәрі қызықты болды.

Қабылдаушы тараптың сөзінше, компанияға академиялық ұтқырлық жобасы жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту тұрғысынан географиялық шеңберді айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік береді.

– Біз дәстүрлі өзара әрекеттесу шеңберінен шығып, студенттерге академиялық білім мен нақты өндірістік жағдайдағы практикалық дағдыларды үйлестіретін кешенді тәжірибе ұсынамыз. Бұл ERG-дің кадрлық әлеуетті арттыру және кәсіби білімді қолдау қамындағы кешенді бағдарламасының бір тармағы, — деп атап өтті Топ Бас директорының персонал және мәдениет жөніндегі орынбасары Анастасия Круч. – Білім беру мекемелері мен өнеркәсіп кәсіпорындары арасындағы мұндай тығыз өзара қарым-қатынас синергетикалық әсер тудырады. Бұл болашақ мамандарды даярлау сапасын едәуір арттыруға және Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасының жоғары білікті кадрларға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Компания кәсіпорындары орналасқан өңірлердегі Колледждер мен ERG альянсының басқа да колледждерін шақыра отырып, академиялық ұтқырлық жобаларын жалғастыру жоспарланып жатыр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Eurasian Resources Group басшылығы ауысты: Шухрат Ибрагимов Топтың CEO қызметіне Бенедикт Соботканың орнына тағайындалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *