Hi-Tech Медиа

Италияда толығымен жасанды интеллект арқылы жазылған алғашқы газет жарыққа шықты

Фото: The Guardian

Итальяндық Il Foglio газетінің толығымен жасанды интеллект арқылы жазылған алғашқы басылымы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жасанды интеллект барлық мақалаларды, тақырыптарды жазған, тіпті сарказм аралас пікірлерді қосқан.

Il Foglio газетінің бас редакторы Клаудио Чераса басылымның жасанды интеллект технологиялары заманауи журналистиканы қалай өзгертетінін көрсету үшін тәжірибе жасауға ниеттенгенін айтты.

«Бұл — толығымен жасанды интеллект арқылы жасалған әлемдегі бірінші күнделікті газет: мақалалар мен тақырыптардан дәйексөздер мен пікірлерге дейін», — деді Чераса.

Il Foglio-ның жасанды интеллект арқылы жазылған арнайы шығарылымы 18 наурызда жарық көрді. Ол төрт беттен тұрады және баспа түрінде де, онлайн режимінде де қол жетімді.

Редактор бұл жобада журналистер жасанды интеллектке сұрақ қойып, жауаптарын тексерумен шектелетінін айтты.

Ол нейрондық желі грамматикалық қатесіз, қарапайым және түсінікті мақалалар жазғанын жеткізді. Материалдарда адамдардың тікелей дәйексөздері жоқ

Дәстүрлі журналистикаға қарағанда бұл нөмірде жеке пікір, терең талдау, сұхбаттар берілмеген.
Чераса эксперимент жасанды интеллект жаңалықтар жасау процесіне қалай сәйкес келетінін түсінуге көмектеседі деп санайды.

Еске сала кетейік, Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы биыл ашылады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Астанада ақпарат министрлігін сотқа берген журналистердің шағымы бойынша сот басталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *