Company

Хромтаулық шахтерлер «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Хромтау қаласында жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Жылдағы үрдіспен Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері қаланы тазалауға шықты.

Жаңа экологиялық мәдениеттің негізін қалыптастыратын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына комбинаттың №1, 2 басқару аппараттары мен цех жұмысшылары шығып, әлі де тазалық жүргізуде.
Күні кеше кеңсе мамандары орталық саябақты қоқыстан тазартып, қыста қар астында қалған жапырақтарды жинап, талдардың түбін әктеп, жинастырып шықты. Сол секілді жұмысшылар өндіріс алаңдарын да сыпырып-жинап, артық қоқыс пен қалдықтарды шығарып тастаған.

– Көк енді шығып, жер аяғы кеңіп жатыр. Ұжым болып, саябақты тазалауға шықтық, деді Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкері Сәуле Бекеева. – Еңбек – тазалықтан басталады. Өз басым қаламның бір қоқысын ала кетіп, жәшікке тастай салғаныма қуанамын. Қапшық, тырмаларымызды алып, қала тұрғындары көптеп жүретін саябақты тазаладық. Комбинат техникаларымен қоқыстарды тиеп жібердік. Бірақ бұны үзбей жасап тұру керек. Сол себепті мен әр адамды сенбілікке шақырамын. Сонда ғана қаламыз әсем болады.

Екі айлық сенбілікке белсенді кіріскен комбинат қызметкерлері өңір экологиясын таза ұстауға атсалысып, қала тұрғындарын аталған акцияға шақырып жүр.

Сондай-ақ «Мұғалжар» демалыс базасында кәсіпорын жастары жазғы маусым басталар алдында сенбілік өткізіп келді. Ал бір апта бұрын ол жақты геологтар тазалап келген болатын.
Арайлым Ғани

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Актюбинским предпринимателям «сэкономили» 25 млрд тенге

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *