Хромтау қаласында ERG компаниясының жыл сайын өтетін жазғы Денсаулық фестивалі аясында веложарыс, түрлі ойындар мен қызықты шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Осылайша, «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамындағы Дөң тау-кен байыту комбинатының қызметкерлері мен олардың отбасылары демалыс күнін көңілді әрі пайдалы өткізді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында фестивальде балаларға арналған арнайы геологиялық станция жұмыс істеді. Онда балалар құм ішінен минералдар мен геологиялық құрал-жабдықтарды тауып, микроскоп арқылы хром кенін зерттеді. Ойын кішкентай «қазхромдықтарға» қатты ұнады.
Шара барысында экологиялық тақырып та ерекше назарда болды. Балаларға гүл егу бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Олар еккен гүлдерін фестивальге бірге келген аналары мен әжелеріне сыйлады. Ал қыз-келіншектер тәжірибелі жаттықтырушы Элина Ермакованың жетекшілігімен өткен йога станциясына қатысып, жақсы демалып әрі сергіп қалды.
Фестивальде көлік жүргізу ережелеріне арналған станция да көпшілікке ұнады. Мұнда балалар ойыншық көліктерді пайдаланып, жол қауіпсіздігі ережелерін үйреніп, түрлі кедергілерден өтті. Әрбір «жұмыс» станцияларында цехтар мен бөлім басшылары балаларға мамандық ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың сұрақтарына жауап беріп, қызығушылықтарын арттырып отырды.
Сонымен қатар фестиваль барысында қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылып, бас жүлдеге велосипед берілді. Көңілді би мен дәмді балмұздақ та қатысушыларды қуантты.
Шара соңында «Қолыңдағы күн» атты ерекше акция ұйымдастырылып, қатысушыларға тәтті әрі ашық түсті апельсиндер таратылды. Сондай-ақ естелік ретінде барлық балаларға ERG қаһармандары туралы қызықты комикстер сыйға берілді.