Мәжілісте Қаржы министрі Мәди Такиев салық төлемей жүрген блогерлерді тексеру басталатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
— Блогерлермен бірталай жұмыс атқарып жатырмыз. Мыңдаған блогерге хабарландыру жібердік. Нақтырақ айтқанда, 854 блогерге 72 млрд теңгеге “ақшаларыңызды толық көрсетпедіңіздер” деп хабарлама жібердік. Оның 394-і 11,8 млрд теңге төледі. Енді біз қалған 438 блогерге тексеріс ашайын деп отырмыз, – деді Қаржы министрі Мәжіліс кулуарында
Оның сөзінше, блогерлер салықты келесі жылдың 31 наурызына дейін төлеуі тиіс.
— Блогерлер салық төлемей жүргендіктен, тексеріс ашамыз, – деді Мәди Тәкиев.