Home Ақпарат Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапты
Ақпарат

Астанада жеңіл моторлы ұшақ апатынан екі адам қаза тапты

Жоламан әуеайлағы маңында авиациялық оқиғадан екі адам қаза тапты/ фото: tl-ultralight.cz

Астана қаласы Жоламан әуеайлағы маңында ұшақ апатқа ұшырады. Көлік министрлігінің хабарлауынша, оқиға 22 маусым сағат 11:30-да болған, деп жазады kursiv.

«Оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 әуе кемесі авиациялық оқиғаға ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қайтыс болды», – делінген ақпаратта.

Оқиғаны тергеп-тексеру үшін авиациялық оқиғалар мен инциденттер жөніндегі арнайы комиссия құрылады.

Көлік министрлігіне қарасты көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті қызметкерлері авиациялық оқиғаға орнына барады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version