Aqtobe Day Company

«Газ өндірісін әдейі шектеді». СНПС-Ақтөбемұнайгаз антимонополиялық органға қарсы екі жылдық дауда жеңілді

Фото СНПС-Ақтөбемұнайгаз сайтынан алынды

Қазақстан Жоғарғы соты «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қатысты антимонополиялық тергеудің заңдылығын растап, компания мен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі арасындағы екі жылға созылған дауға нүкте қойды, деп хабарлайды informburo.kz.

Антимонополиялық тергеу компанияның контрагенттермен жасалған келісімшарттардағы заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы елемеуінен кейін басталған. Ақтөбе облысы бойынша агенттік департаментінің мәліметінше, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» нарықтағы үстем жағдайын пайдаланып, клиенттерге тиімсіз шарттар таңған. Атап айтқанда, төлем мерзімін заңмен рұқсат етілген бес жұмыс күнінің орнына үш банк күнімен шектеген және газ жөнелтуге технологиялық негізсіз шектеулер қойған. Бұл шарттарға келіспеген контрагенттерге компания газ жеткізуден бас тартқан.

Сонымен қатар, келісімшарттарға автоцистерналарды тек 85% көлемде толтыру талабы енгізілген, бұл тауарды тасымалдауды қиындатып, клиенттер үшін логистикалық кедергілер тудырған. Одан бөлек, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» автокөліктерге арналған сұйытылған газ өндірісін техникалық мүмкіндігі бола тұра әдейі шектеген.

Заң бұзушылық фактілері алғаш рет бірінші және апелляциялық инстанция соттарында расталып, енді Жоғарғы сотта да бекітілді. Жақын арада іс Ақтөбедегі мамандандырылған сотқа компанияға қарсы санкцияларды анықтау үшін жолданады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстанда Canva сервисі уақытша бұғатталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *