Home Company Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қайта ұша бастайды
Company

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыс елдеріне қайта ұша бастайды

Фото: Informburo.kz

Рейстерге билеттер сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Informburo.kz.

Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
25 маусымда келесі рейстер орындалады деп күтіліп отыр:

KC205 Астана-Дубай, 11:00
KC206 Дубай-Астана, 16:40
KC653 Алматы-Доха, 11:00
KC654 Доха-Алматы, 15:05
KC897 Алматы -Дубай, 11:15
KC898 Дубай-Алматы, 16:10

Барлық жерде жергілікті уақыт көрсетілген. Сонымен қатар ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 «Дубай-Алматы» рейсі сағат 17:40-та репатриациялық рейс ретінде орындалады.

«Бұл рейстерге билеттер сатылымға шығарылды. Кестені әуе компанияның сайтында тексеруді сұраймыз. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалады» – деп жазылған хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version