Әлеумет

Екібастұзда 100 млн теңге табыс әкелетін заңсыз бизнес әшкере болды

Фото: depositphotos.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысындағы департаменті Екібастұз қаласында электронды тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды заңсыз сатқан топты анықтады, деп хабарлайды «Тілші».

Тыйым салынған өнімдер Telegram мессенджеріндегі «VAPE SHOP MAXI MALL» арнасы арқылы сатылып, курьерлік жеткізу арқылы жіберіліп отырған.

Нәтижесінде 5 600-ден астам вейп пен олардың бөліктері тәркіленді. Аталған өнімдер сатылғанда қылмыстық табыс 100 миллион теңгеден асатын еді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында қойма мен сату нүктелері анықталды.

Ерекше назар аударатын жайт — бұл өнімдер кәмелетке толмағандар, соның ішінде мектеп оқушылары арасында кеңінен таралған. Заңсыз бизнесті ұйымдастырушылар электронды темекілерді жасөспірімдерге сатып, олардың денсаулығына қауіп төндірген.

Тергеу амалдары жалғасуда.

2025 жылдың басынан бері Агенттік вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 деректі тіркеді, 440 мыңнан астам бұйымды тәркілеп, жойды.

Айта кету керек, вейп қолдану денсаулыққа елеулі қауіп төндіреді, өйткені олардың құрамындағы заттар жүрек-қантамыр және тыныс алу жүйелеріне кері әсер етіп, инсульт, инфаркт және басқа да ауруларға соқтыруы мүмкін.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Үкімет Ақтөбеде салынатын ерекше балалар балабақшасын көрсетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *