Home Әлеумет 16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған министрдің экс-орынбасары ұсталды
Әлеумет

16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған министрдің экс-орынбасары ұсталды

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік экс-вице министрдің ұсталғанын растады.

«Министрлік «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшысының ұсталу фактісін растады. Министрлік тергеу органдарына белгіленген тәртіп бойынша көмек көрсетіп жатыр. Тергеу барысына қатысты барлық сұрақтар уәкілетті органдардың құзыретіне жатады», – деп хабарлады еңбек министрлігі.

Журналист Михаил Козачковтың мәлімдеуінше, мемлекеттік деректер қорынан ақпаратты коммерциялық ұйымға беру схемасы анықталды. Яғни 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған.

Ақмәди Сарбасов соңғы рет еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті қызметін атқарды. Ол бұл қызметке бір-екі ай бұрын ауысты.

Еске салсақ, 16 миллион қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткені туралы хабарлаған едік.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version