Home Isker Tilshi Yandex Qazaqstan биыл такси жүргізушілері үшін 3 млрд теңге салық төледі
Isker Tilshi

Yandex Qazaqstan биыл такси жүргізушілері үшін 3 млрд теңге салық төледі

Фото: Yandex Qazaqstan

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Yandex Qazaqstan компаниясы такси жүргізушілері үшін мемлекетке 3 миллиард теңгеге жуық салық және әлеуметтік аударымдар төледі. Nur.kz хабарлауынша, Yandex Такси платформасында 85 000 жүргізуші арнайы салық режимі бойынша жеке кәсіпкер ретінде тіркелген. Бұл жүргізушілер мобильді қосымшаны пайдаланып, өз қызметтерін заңдастырған.

2024 жылдың қыркүйегінен бастап Yandex Такси жүргізушілердің салық агенті ретінде әрекет етеді. Бұл компанияның жүргізушілерді табыс салығы, міндетті медициналық сақтандыру, әлеуметтік және зейнетақы аударымдарын есептеу мен төлеуден босататынын білдіреді.

«Қазір осының арқасында 85 000 такси жүргізушісі әлеуметтік қорғауға ие, яғни олар медициналық сақтандыру, әлеуметтік төлемдер және зейнетақы алу құқығына ие», – деді Yandex Qazaqstan-дағы Yandex Такси басшысы Тайыр Байдуйсен.

Компанияның мәліметінше, жыл басынан бері әлеуметтік қорғауға ие жүргізушілер саны екі еседен астам артқан. 2024 жылы Yandex Такси Қазақстанда платформалық жұмыспен қамту бойынша пилоттық жобаны бірінші болып бастаған. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап компания салық агенті ретінде жүргізушілердің салықтары мен әлеуметтік аударымдарын автоматты түрде есептеп, бюджетке аударады. Осы уақыттан бері Yandex Qazaqstan мемлекетке 4,3 миллиард теңгеден астам салық және әлеуметтік аударымдар жіберген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version