Aqtobe Day Әлеумет

Хромтауда мас күйінде мотоцикл жүргізген азамат 5 жылға сотталуы мүмкін

Фото: ru.pinterest.com

Хромтауда полиция инспекторы тоқтатқан мотокөліктің тіркелмегені және 45 жастағы жүргізушінің алкогольдік мас күйінде болғаны сараптама қорытындысымен расталды, деп хабарлайды «Тілші».

Сонымен қатар, ер адамның былтырғы жылдың соңында осыған ұқсас құқықбұзушылығы үшін 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Мотоцикл арнайы тұраққа қойылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған заңбұзушылық үшін азаматқа көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айыру және 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстандық оқушылар қысқы каникулда неше күн демалады?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *