Home Isker Tilshi Grand Games EMENU тамақ жеткізу сервисінің 75% үлесін сатып алды
Isker Tilshi

Grand Games EMENU тамақ жеткізу сервисінің 75% үлесін сатып алды

Фото: Grand Games

2025 жылдың маусым айының соңында Қазақстандағы мобильді ойындар мен IT-шешімдер әзірлейтін Grand Games студиясы Қарағандыдағы EMENU тамақ жеткізу сервисінің 75% үлесін иеленді. Бұл туралы Kapital.kz студияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Студияның негізін қалаушы, 27 жастағы кәсіпкер Роман Линейцевтің айтуынша, компания алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларына шығып, халықаралық агрегаторларға бәсеке болуды жоспарлап отыр. Оның пікірінше, Қазақстан нарығында тамақ жеткізу қызметін негізінен шетелдік ірі ойыншылар басқарып отыр. Дегенмен, ол Қазақстанда қазірдің өзінде халықаралық сервиспен тең дәрежеде бәсекеге түсе алатын технологиялық әрі кәсіпкерлік әлеует бар деп есептейді.

«EMENU-ді сатып алу – қазақстандық тұтынушының ерекшеліктерін терең түсінуге негізделген жергілікті өнімді дамытуға бағытталған стратегиялық қадам. Алдағы айларда біз пайдаланушылар тәжірибесін жақсартуға инвестиция құямыз: интерфейс ыңғайлылығынан бастап жеткізу жылдамдығы мен дәлдігіне дейін. Сондай-ақ, операциялық процестердің тиімділігін арттыруға – автоматтандыру енгізу, логистиканы оңтайландыру және аналитика жүйесін дамытуға ерекше назар аударамыз. Бұған қоса, біздің ішкі ресурстарымызды, техникалық мүмкіндіктерімізді және цифрлық өнімдер құрудағы тәжірибемізді EMENU-дің Қазақстан бойынша серіктестік желісін кеңейтуге жұмсамақпыз. Бұл жаңа мейрамханалар мен курьерлерді тарту ғана емес, сонымен бірге жергілікті жеткізушілермен және технологиялық серіктестермен тұрақты байланыс орнату», – дейді Grand Games студиясының негізін қалаушы Роман Линейцев.

EMENU сервисі 2014 жылы Қарағандыда жергілікті кәсіпкер Роман Мальченконың бастамасымен іске қосылған. Бүгінде EMENU 15 қалада жұмыс істеп, айына 30-60 мың тапсырыс жеткізеді. Толық бір жылда EMENU арқылы 500 мыңнан астам тапсырыс орындалады.

«Grand Games-пен келісімге келу шешімін мен саналы түрде қабылдадым. Жоба мен командаға сенімдімін. Бұл – менің стратегиялық көзқарасыма сай келетін логикалық қадам. 2023 жылдың ортасында Big Sky Capital VC-ге консалтингке жүгініп, компанияның қаржылық моделін және бизнес-процестерін бірге талдадық. Сол кезде EMENU-дің алдын ала бағаланған құны 3 миллион доллар болды. Қазіргі мәміле бизнеске қосымша ресурстар (инвестициялар) мен тәжірибелі серіктестер есебінен жаңа серпін береді деп сенемін», – дейді EMENU-дің негізін қалаушы Роман Мальченко.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version