Мамыр айының соңында Freedom Bank кәсіпкерлікті дамыту қоры «Даму» қорымен бірге «Өрлеу» бағдарламасына алғашқы қатысушылардың бірі болып келісім жасасты, деп хабарлайды Forbes.kz.
Мақсаты — ШОБ-ке серпін беру
Бағдарламаның мақсаты — Қазақстан экономикасының басым салаларындағы шағын және орта бизнесті (ШОБ) қаржыландыруды жандандыру. Енді кәсіпкерлер бизнесін дамытуға жеңілдетілген мөлшерлемемен несие ала алады. Бір айдың ішінде банк 30 млрд теңгеден астам сомаға бірнеше жобаны мақұлдады.
Freedom Bank: алғашқы нәтижелер
Бағдарлама аясында қазақстандық кәсіпкерлер 12,6% жылдық мөлшерлемемен (ЖТСМ 13,1-15,2%) 10 жылға дейінгі мерзімге несие ала алады. Кредиттің ең жоғарғы сомасы – 7 млрд теңге, бұл ШОБ-ке ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әсіресе, бұл мүмкіндік инвестиция мен жаңа идеяға зәру өңірлердегі кәсіпкерлер үшін өте маңызды.
Бағдарлама іске қосылған алғашқы айда банк 30 млрд теңгеден астам сомаға жобаларды мақұлдады. Freedom Bank қайтарым ғана емес, мультипликативті әсерге де басымдық береді. Ең бастысы — халықты жұмыспен қамту, инфрақұрылымды жақсарту, логистиканы оңтайландыру және қазақстандықтарды негізгі қызметтермен қамтамасыз етуге бағытталған жобалар.
Басты басымдық — инфрақұрылымға
Банк мақұлдаған жобалардың ішінде ерекше атап өтерлік жоба — Шымкенттегі халықаралық нарыққа бағытталған алкогольсіз сусын өндіру кәсіпорны. Freedom Bank бұл кәсіпорынға 3,5 млрд теңге қаржы берді. Бұл компанияға өндірісін кеңейтуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Банк портфелінде Астанада студенттерге арналған екі жатақхана құрылысы да бар — жалпы қаржыландыру көлемі 6 млрд теңгеден асады. Бұл жобалардың әлеуметтік маңызы зор — студенттерге жайлы жағдай жасалады, ал банк ұзақ мерзімде білікті мамандар даярлау ісіне үлес қосады.
Семейде «Pana Complex Semey» ЖШС 3 млрд теңге несие алып, қонақүй кешені салуда. Бұл жоба Абай облысында туристік инфрақұрылым тапшылығын жоюға бағытталған. Жаңа нысан 2025 жылдың соңында ашылады, онда 100-ден астам адам жұмыс істейді. Бұл қалаға көбірек турист пен бизнес-сапарлаушы қабылдауға мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығына – жаңа деңгей
Алматыда «Alatau Green Production» ЖШС-ге шамамен 4,5 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 6000 тонна көкөніске арналған, ұзақ мерзімді сақтауға лайық заманауи қойма, 720 тонна жеміс-жидекті қысқа мерзімді сақтауға арналған қойма салынады. Сонымен қатар, Алматы қаласы мен облысында 48 сауда павильоны салынады.
Бұл бастама өңірдің халқын жаңа әрі қолжетімді жеміс-жидекпен тұрақты қамтамасыз етуге, фермерлер мен сатушылар арасындағы делдалдарды азайтуға мүмкіндік береді. Жоба 400-ден астам жаңа жұмыс орны мен өңірлік ЖІӨ-нің жыл сайын 8–10 млрд теңгеге арттырады деп күтілуде.
Сервистік шешімдер
Қосымша ретінде сауда процесін басқаруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен мобильді қосымша енгізу жоспарланып отыр.
Маңызы — дәл қазір
Freedom Bank пен «Даму» «Өрлеу» бағдарламасы арқылы Қазақстандағы МСБ үшін жаңа ұзақмерзімді өсу платформасын жасап отыр. Бұл тек ірі қалаларда ғана емес, аймақтарда да бизнес, инвестиция және жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер тудырады. Бұл ел экономикасының тұрақты дамуы үшін маңызды қадам.
Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жумагулов:
– Мұндай жобаларды қаржыландыру – экономиканы, ішкі туризмді дамыту және өңірлердің тұрақты болашағына инвестиция. Реалды секторды қолдау — жаңа жұмыс орындары, кәсіпкерліктің жандануына және қоғам әлеуетінің артуына ықпал етеді. Freedom Bank кәсіпті дамытуға, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосуға ниетті кәсіпкерлердің сенімді серіктесі болып қала береді, – деп атап өтті.