Aqtobe Day

Ақтөбеде барлық мектеп интернетке қосылды

Фото: inbusiness.kz

Ақтөбе облысында білім мекемелерінің барлығы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды, деп хабарлайды 24kz.

Аймақта 435 мектеп бар. Оның 221-і талшықтық оптикалық, 168-і радиорелелік интернет көзіне қосылған. Сондай-ақ 45 білім беру ұйымында оқушылар мен ұстаздар старлинг құрылғысын қолданып отыр. Бұл жайлы облыстық Білім басқармасының басшысы хабарлады. Айтуынша, ауылдық аймақтарды интернетпен қамту мақсатында былтыр бюджеттен 1,1 млрд теңге, ал биыл 1,2 млрд теңге бөлінген.

 — Бұған дейін ауылдық шағын жинақтық мектептерде интернеттің жылдамдығы 5, 10 мегабит болса, қазір ең төмені 50 мегабит. 50 мегабит интернет беріліп тұрған тірек мектептердің мұғалімдері онлайн сабақты ешқандай кедергісіз жүргізіп отыр, — дейді Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева.

Елдегі мектептердің 95,4% интернетпен қамтылған. Ал елдегі мектептерді сапалы интернетпен қамту деңгейі 95,4% жетті. Қалған оқу ордалары да алдағы уақытта ғаламторға қосылады.

 

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбедегі American Corner-де алғашқы Social Talks өтті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *