Home Әлеумет «Әйелді арқанға байлап, сүйреген»: Жетісуда жаға ұстатар қылмыс тергеліп жатыр
Әлеумет

«Әйелді арқанға байлап, сүйреген»: Жетісуда жаға ұстатар қылмыс тергеліп жатыр

Фото: depositphotos.com

Жетісу облысының Ақсу ауданындағы Баласаз ауылында болған жан түршігерлік қылмыс елді дүр сілкіндірді. 32 жастағы Айзат есімді әйел адам қатігездікпен сабалып, ауыр жарақаттан қаза тапты. Оның өліміне басты күдікті — өзінің күйеуі, деп хабарлайды «Тілші» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Не болды?

Марқұмның туыстарының айтуынша, жанжалдан кейін әйелді бірнеше сағат бойы аяусыз ұрып, екі жасар қызының көзінше қинаған. Сот-медициналық сараптама Айзаттың басы, миы, жамбасы мен аяқ-қолы сынғанын анықтаған. Денесінде арқан іздері мен сүйретілгеннен қалған жарақаттар болған. Туыстарының сөзінше, Айзаттың қолының терісі сылынып, сүйекке дейін көрініп қалған.

— Әйелді арқанға байлап, далада сүйреген, — дейді жақындары. — Оқиға орнында ауыр жарақаттан кейін Айзат ес-түссіз күйде Талдықорғанға жеткізілген. Алайда дәрігерлер келіншектің келгенде қайтыс болғанын айтып отыр. Туыстары мәйітті жуып, киімін ауыстырып, соққы іздерін жасырмақ болды деп күдіктенеді.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті күйеу оқиғаға мас күйінде келіп, дәрігерлерге дөрекілік көрсеткен. Бұған дейін ол аудан әкімдігіне үміткер болғысы келген екен.

Ер адам әйелі «селфи жасап, терезеден құлап кеткен» деп ақталуға тырысқан. Бірақ туыстары Айзатты қинаған деп нық сеніммен айтып отыр.

Полиция не дейді?

Жетісу облысының полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге әкеп соғу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда марқұмның жақындары бұл істі «Айрықша қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» бабына ауыстыруды талап етіп отыр.

Полиция күдіктінің ұсталғанын, тергеу жүріп жатқанын, арнайы сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын хабарлады. Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынған. Тергеудің мүддесі үшін басқа ақпарат жарияланбайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version