Aqtobe Day Company

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты әлемдік рекорд орнатты

Қазақстанда ферроқорытпа өндіру бойынша бір циклде әлемдік рекорд тіркелді. Бұл тарихи оқиға Жұмысшы мамандықтар жылы мен «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның 30 жылдығына арналды, деп хабарлайды «Тілші».

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының №43 пешінде бір технологиялық циклде 177 288 келі жоғары көміртекті феррохром өндірілді. Бұл көрсеткіш WORLD BOOK OF RECORDS (WBR) ұйымымен ресми тіркеліп, тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен құжатталды.

Әдетте мұндай пеш бір циклде 50-60 тонна ферроқорытпа береді. Алайда бұл жолы зауыт мамандарының бірегей техникалық шешімдерінің арқасында жабдық жобалық қуатынан әлдеқайда жоғары көрсеткішпен жұмыс істеп, рекордтық нәтижеге қол жеткізілді.

Ақтөбедегі №4 цехтың пештері – өз класында әлемдегі ең қуатты пештер. Бұл жетістік – Қазақстан металлургиясы үшін тарихи белес.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбе өңірінде жол салып жатқан мердігерлер облыс әкімінің сынына тағы ілікті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *