Home Aqtobe Day Қандыағашта «блогер» болып бірнеше адамды алдаған қоғамдық кеңес мүшесі сотталды: Алаяқ 2,5 млн теңге жымқырған
Aqtobe Day Әлеумет

Қандыағашта «блогер» болып бірнеше адамды алдаған қоғамдық кеңес мүшесі сотталды: Алаяқ 2,5 млн теңге жымқырған

Фото: Informburo.kz

Ақтөбеде өзін «блогермін» деп таныстырып, түрлі уәде берген 35 жастағы қоғамдық кеңестің белсендісі алаяқтықпен сотталды. Мемлекеттік сатып алудан бастап, дүкен иелеріне «мәселені шешемін» деп ақша алған күдікті жеңіл жазамен құтылды, деп хабарлайды «Тілші» orda.kz-ке сілтеп.

Мұғалжар аудандық соты әкімдік жиынына қатысып жүрген қоғамдық кеңес мүшесіне айыптау үкімін оқыды. Сот үкіммен​ «Алаяқтық» бабымен айыпталған 35 жастағы сотталушыға 3 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

«Сотталушы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен айыпталады. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды», деп мәлімдеді сот.
Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағанбетов сотталушының биыл наурыз айынан бастап қоғамдық кеңеске мүше болғанын растады.

Іс материалдарына сүйенсек, 2023 жылдың тамыз айында А. есімді сотталушы Қандыағаштағы азық-түлік дүкенінің иесіне өзін қоғам белсендісі ретінде таныстырады. Алкоголь өнімдерін сағат 23:00-ден кейін де сатуды шешіп беремін деп алдап, одан 1 млн теңге алған.

Кейін көлік жуу қызметінің иесіне жүргізуші куәлігін қайта қалпына келтіруге көмектесетінін айтып, 257 мың теңге алады. Тағы бір жерлесін жұмысқа тұрғызамын деп сендіріп, 450 мың теңге алған.Сондай-ақ мердігерге Қандыағаш қаласында орналасқан саябақ пен ескерткішті күтіп ұстау жұмысы бойынша мемлекеттік сатып алу кезінде жеңіп шығуға көмектесетінін айтып, уәде еткен. Байқау құжаты талапқа сай келмейтін кәсіпкерден реттеп беремін деп 1 млн теңге алған.

Қоғамдық кеңес мүшесі осылайша бірнеше адамнан алаяқтық жолмен 2 млн 607 мың теңге иемденіп, өз пайдасына жұмсағаны сотпен дәлелденді.
Сотталушы кінәсін мойындады. Жәбірленушілерге келтірілген материалдық залал толығымен өтеді.Прокурор соттан сотталушы 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындауды сұрады.

Бұған дейін Қандыағашта жаздың ортасында LED-экран арқылы Жаңа жылмен құттықтау әлі де жарияланып тұрғанын жаздық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version