Home Isker Tilshi Labubu ойыншығын жасайтын қытайлық компанияның құны Kaspi мен «ҚазМұнайГаз»-дан асып түсті
Isker Tilshi

Labubu ойыншығын жасайтын қытайлық компанияның құны Kaspi мен «ҚазМұнайГаз»-дан асып түсті

Фото: astridnrose.com

Pop Mart International Group-тың нарықтық құны $42,4 млрд-қа жетті, деп хабарлайды «Іскер Тілші»

Қытайдың Pop Mart International Group компаниясы — әйгілі Labubu ойыншығының иесі — нарықтық құны бойынша Kaspi.kz пен «ҚазМұнайГаз»-ды қоса алғандағы көрсеткіштен асып түсті. 22 шілде 2025 жылғы жағдай бойынша Pop Mart-тың капитализациясы 332,84 млрд гонконг долларына, яғни $42,4 млрд-қа жетті. Бұл туралы Stock Analysis мәліметтерін Kazinform келтірді.

Салыстырмалы түрде:

  • «ҚазМұнайГаз» — $21,58 млрд
  • Kaspi.kz — $17,15 млрд
  • Екеуін қоссақ — $38,73 млрд.

Ал Pop Mart-тың құны — $42,4 млрд.

Pop Mart International Group — 2010 жылы құрылған қытайлық компания, коллекциялық ойыншықтардың (сыйлық ішіндегі белгісіз ойыншықтар — blind box) нарығында көш бастап тұр. Компанияның басты хиты — суретші Касинг Лунгтың Labubu кейіпкері. Labubu-дың брелок-фигуркалары әлем бойынша ондаған миллион данамен сатылады. 2024 жылы Labubu сатылымынан түскен табыс $418 млн болса, компанияның жалпы кірісі $1,8 млрд-ты құрады.

Салыстыра кетсек:

АО НК «ҚазМұнайГаз» — Қазақстанның ұлттық мұнай-газ алыбы, елдің стратегиялық кәсіпорны.

Kaspi.kz — елдегі ең ірі қаржылық-техноогиялық компания, мобильді банк, маркетплейс және төлем платформасы біріктірілген суперқосымша.

Қытайлық ойыншық сатушының құнының екі қазақстандық алпауыттың жиынтық көрсеткішінен асып кетуі — нарықтағы тосын құбылыс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version