Home Aqtobe Day «Ақтөбе» «Спартадан» басым түсті
Aqtobe Day Спорт

«Ақтөбе» «Спартадан» басым түсті

Фото: fc-aktobe.kz

«Ақтөбе» футбол клубы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінің алғашқы матчында прагалық «Спартадан» 2:1 есебімен басым түсті.

Кездесу Ақтөбедегі Орталық стадионда өтті. 29-минутта Даниэль Соса есеп ашса, 82-минутта Оралхан Өміртаев «Ақтөбенің» басымдығын еселеді. Алайда ойынның соңғы минутында қонақтар пенальтиден гол соғып, есепті қысқартты — бұл голдың авторы Велько Бирманчевич.

Енді қарымта матч 31 шілде күні Прагада өтеді. Екі ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз команда келесі кезеңге өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version