Әлеумет

Алматылық өзін ҰҚК полковнигі ретінде таныстырып, кәсіпкердің 2 млрд-тан астам теңгесін жымқырды

Фото: Tengrinews.kz

Алматыда өзін арнайы органның полковнигі ретінде таныстырған Багдат Сатыбалдыев бірнеше рет аса ірі көлемде алаяқтық жасады және пара беруге итермеледі деген айыппен 14 жылға сотталды, деп хабарлайды «Тілші» hronika.kz-ке сілтеп.

«Таныстықтың басы және алғашқы сенім»
2018 жылы Багдат С. кәсіпкер М-мен тойда танысады. Ол өзін Алматы қаласы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің полковнигі ретінде таныстырып, кәсіпкерге «кеңсеңізге жучок қойылды, бақылайтындар бар» деп сендіреді. Кәсіпкер кеңсесін «тексеруге» келіседі. «Полковник» екі белгісіз адаммен келіп, «жучок таптық, бірақ операциялық мақсатта алмаймыз» деп, құрылғыларды көрсетпей-ақ, 50 мың доллар алады.

«Қорғаныс қызметі» және жаңа шығындар
Кейін Багдат С. кәсіпкерге «рэкет» туралы хабарлап, қылмыстық топтардан «қорғау» үшін 200 мың доллар сұрайды, артынша «отбасыңа да қауіп төніп тұр» деп, тағы 500 мың доллар алады. Одан әрі қауіп көбейіп, талап етілген сома 2 миллион долларға жетеді.

«Жаңа жобалар» мен пара схемасы
Сондай-ақ, Багдат «үлкен мемлекеттік жоба бар, тек аванс керек» деп 1 миллион доллар тағы алып, байланысқа шықпай кетеді. Кейін оралып, «құқық қорғау органдарымен соттасып жатырсың, бәрін келісіп шешуге болады» деп, тағы 40 мың доллар сұрайды, кейін бұл сома 450 мың долларға дейін өскен.

Кәсіпкердің күдігі оянып, антикорға жүгінеді
Ақыры кәсіпкер М. күдіктеніп, жемқорлыққа қарсы қызметке шағым түсіреді. 2023 жылғы 26 шілдеде «полковник» Багдат С. мейрамханада пара алып жатқан жерінде ұсталды. Қылмыстық істер қозғалып, сотта ол тек бір бөлігін ғана мойындады.

Сот үкімі
Сот айыптауларды толық дәлелденген деп танып, Багдат Сатыбалдыевты 14 жылға бас бостандығынан айырды. Оған өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Жәбірленушіге 2,1 млрд теңге өтемақы және мемлекетке 21 млн теңге баж салығы өндіріледі.

Көптеген мүлік пен көлікке тыйым салынды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ақтөбеде көлігін 5 минуттан астам уақыт қыздырған жүргізушілерге айыппұл салынды ма?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *