Әлеумет

Банк картаңды басқа адамға берсең — түрмеге түсуің мүмкін!

Фото: pexels.com

Қазақстанда банк картасын басқаға бергендер енді қылмыстық жауапкершілікке тартылады, деп хабарлайды «Тілші» Polisia.kz сілтеме жасап.

Қылмыстық кодекстің жаңа 232-1 бабында өзінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға бергені үшін, сондай-ақ материалдық сыйақы немесе мүліктік сипаттағы пайда үшін немесе оларды алу мақсатында үшінші тұлғаның мүддесі үшін я болмаса пайданы көздеп, төлемдер немесе ақша аударымдарын жүзеге асырғаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.

Алаяқтар берілген деректерді қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыру немесе басқа азаматтарды алдау үшін пайдаланады.

Көп жағдайда зардап шеккендер өздерінің қылмысқа қатысушы екенін түсінбейді.

Есіңізде болсын: жеке және банктік деректер жай ғана ақпарат емес, бұл сіздің мүлкіңіздің, қауіпсіздігіңіздің және заң алдындағы жауапкершілігіңіздің кілті.

Ішкі істер министрлігі кеңес береді:

  • ешқашан банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
  • картаңызды немесе шотыңызды беру арқылы «оңай ақша табуға» келіспеңіз;
  • күдік туындаған жағдайда банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.
КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Үш адамды кепілге алған ақтөбелік азамат екі айға қамауға алынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *