Ақтөбеде бірнеше азамат жалақысын ала алмай, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. Төленбеген еңбекақы – 828 000, 410 000 және 616 000 теңге.
Сот анықтағандай, жұмысшылар өткен жылдың маусым, шілде және тамыз айларында «Д» ЖШС-не ресми түрде еңбек шартымен жұмысқа орналасқан. Алайда жұмыстан кеткен соң, компания бір тиын да төлемеген.
Тіпті, директор қол қойып, мөр басып, «қыркүйектің соңына дейін бәрін төлеймін» деп жазбаша міндеттеме берген. Бірақ уәдесінде тұрмаған.
Сот жұмысшыларды толық қолдап, талапты қанағаттандырды.
Сот шешімі заңды күшіне енді.