Эльдар Сарсенов Нұрбанктегі үлесін 76,6%-ға дейін қысқартты. Бұл туралы 2025 жылдың 1 шілдесіндегі акционерлер реестрінің мәліметтері көрсетіп отыр, деп жазады Kapital.kz.
Егер 1 сәуірде оған ТОО «JP FINANCE GROUP» арқылы банктің 86,42% акциясы тиесілі болса, 1 шілдеге қарай бұл көрсеткіш 76,6%-ға дейін төмендеген. Сонымен қатар, банк акционерлері қатарында жаңа тұлға – Blanusa Marko пайда болды. Енді оған Нұрбанктің 9,82% акциясы тиесілі.
Ал ТОО «JA COLLECTION COMPANY» бұған дейінгідей банктің 5,87% акциясына иелік етеді.
Айта кетейік, ТОО «JP FINANCE GROUP»-тан жаңа миноритарлық акционерге 9,82% үлес қалай сатылғаны туралы толық ақпарат жоқ. Сондай-ақ, Нұрбанктің қарапайым акцияларымен KASE-де соңғы сауда 2025 жылғы 15 сәуірде өткен, сол күні бір акцияның бағасы 4 986,63 теңге болды.