Home Aqtobe Day Ақтөбе облысында браконьер бұланды сойып жатқан сәтінде ұсталды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында браконьер бұланды сойып жатқан сәтінде ұсталды

Фото: Pinterest

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Алға ауданы Маржанбұлақ ауылының маңында бұлан сойып жатқан браконьерді қолға түсірді. Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

30 жастағы ауыл тұрғыны аңшылықпен заңсыз айналысып, бұланды атып алған. Полицейлер оның автокөлігінен ойық ұңғылы карабин қаруын тауып, тәркіледі.

«Полиция заңсыз аңшылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Автокөлік құралы аудандық полиция бөлімінің аумағына қойылды. Заңсыз аңшылық үшін күдікті мүлкі тәркілену мүмкіндігімен, үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаға тартылуы мүмкін», – делінген полицияның ресми хабарламасында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version