Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбелік жігіт жеке бассейндегі суға батып кетті

Фото: time.kz

Ақтөбеде 27 жастағы жігіт бассейнде шомылып жүріп көз жұмды. Қайғылы оқиға қаладағы жекеменшік «Посейдон» бассейнінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм демалуға келген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды «Тілші» time.kz-ке сілтеп.

Куәгерлердің айтуынша, бассейн қызметкерлері бірден «103»-ке хабар берген. Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3-4 минутта жеткенімен, өкінішке қарай, жігіттің өмірін аман алып қалу мүмкін болмады.

Оқиға кезінде бассейнде инструктор немесе жаттықтырушы болған-болмағаны, қайғылы жағдайға нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Бұл сұрақтарға қазір полиция жауап іздеп жатыр.

Аталған дерек бойынша «қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, адам өліміне әкелу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Марқұмның өліміне нақты не себеп болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Полиция өкілдері тергеу барысында бассейн әкімшілігінің қауіпсіздік ережелерін сақтау-сақтамағанын да тексеретінін мәлімдеді. Құқық қорғау органдары бассейн мен басқа да демалыс орындарының иелеріне қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қызғылт қоқиқазды бүгін Ақтөбеден Алматыға әкетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *