Home Aqtobe Day «Ақтөбе» «Спартадан» жеңіліп, Конференция лигасынан ұшып кетті
Aqtobe Day Спорт

«Ақтөбе» «Спартадан» жеңіліп, Конференция лигасынан ұшып кетті

Фото: fc-aktobe.kz

Қазақстандық «Ақтөбе» UEFA Конференция лигасы екінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Спарта» командасына жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Екі команда арасындағы алғашқы ойында ақтөбелік клуб қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен еді.

Сондықтан қазақстандық жанкүйерлер олар қарымта кездесуде қажетті нәтижеге қол жеткізіп, жарысты жалғастыратынына үміт артты.

Дегенмен бүгінгі матчта чехиялық клуб алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Десе де бірінші кезеңде оларға ақтөбелік футболшылар лайықты төтеп бере білді.

Екінші кезеңде «Спарта» көбірек шабуылға иек артты. Нәтижесінде олардың қатарынан Велько Бирманчевич 57-минутта гол соқса, Матей Ринеш 60-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал чехиялық клубтан Ян Кухта 64, Альбион Рахмани 94-минутта басымдықты тағы екі голға арттырды.

Осылайша «Ақтөбе» қарсыласына 0:4 есебімен жеңіліп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
«Ақтөбе» еурокубок ойындарын Еуропа лигасы бірінші іріктеу кезеңінен бастап, бұл жолы Польшаның «Легия» командасына (0:1, 0:1) есебімен жол берді.

Сондай-ақ шымкенттік «Ордабасы» футбол командасы UEFA Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңінде Грузияның «Торпедо» (Кутаиси) клубына (3:4, 1:1) жол берді.

Айта кетсек, бүгін елордалық клуб екінші іріктеу кезеңінде Молдованың «Зимбру» командасын (1:1, 2:0) қапы қалдырып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Еске салсақ, алматылық «Қайрат» футбол командасы UEFA Чемпиондар лигасы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС командасын (3:0, 0:2) жеңіп, жарыстың үшінші кезеңіне жолдама алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version