Әлеумет

Вице-министр пара алды деген күдікпен ұсталды

Фото: kaztag.kz

Қазақстанның көлік министрінің орынбасары Сәтжан Аблалиев пара алған деген күдікпен қамауға алынды деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйеніп.

ҰҚК хабарламасында көлік вице-министрі соттың санкциясымен қамауға алынғаны айтылған. Өзге ақпарат берілмеген.

Өткен сенбі, 2 тамыз күні вице-министрдің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған. Бірқатар телеграм-арналар шенеунік «78 мың доллар көлемінде пара алды» деген күдікке ілінгенін жазған. Kozachkov offside арнасы тергеу «автомобиль жолдары комитетіндегі жұмыспен» байланысты деп хабарлаған еді.

Сәтжан Аблалиев көлік министрінің орынбасары лауазымына 2023 жылдың қазан айында тағайындалған. 54 жастағы шенеунік оған дейін шамамен екі жыл Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  16 млн қазақстандықтың жеке дерегінің тарауына қатысты күдікті деп танылған министрдің экс-орынбасары ұсталды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *