Home Aqtobe Day Марат Хайруллин — «Ақтөбе» ФК жаңа спорт директоры
Aqtobe Day Спорт

Марат Хайруллин — «Ақтөбе» ФК жаңа спорт директоры

Фото: Sports.kz

Ақтөбе ФК спорт директоры болып команданың аңыз ойыншысы Марат Наильевич Хайрулиин тағайындалды. Енді спорттық бағыттағы мәселелерді қатаң бақылауына алып, команданың жандануына үлес қоспақ.

Марат Хайруллин – Қазан футбол мектебінің түлегі. Қазақстан футболында ол өзіндік із қалдырған ойыншылардың бірі. Мансап жолында ол еліміздің бірнеше клубында доп тепті, атап айтқанда: «Ақтөбе», «Оқжетпес», «Атырау» және «Қайсар» сапында өнер көрсетті.

Алайда оның есімі жанкүйерлердің жадында ең алдымен «Ақтөбемен» байланысты. Қызыл-ақ жейдеде Марат барлығы 308 матч өткізіп, 79 голдың авторы атанды. Бұл көрсеткіш оны клуб тарихындағы ең үздік сұрмерген мәртебесіне көтерді.

Футболшы ретінде мансабын 2019 жылы «Қайсар» сапында аяқтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version