Home Әлеумет Талапқа сай емес 42 тонна тауық еті Қытайға кері қайтарылды
Әлеумет

Талапқа сай емес 42 тонна тауық еті Қытайға кері қайтарылды

Фото: eda.yandex.ru

Жетісу облысының Панфилов ауданындағы «Нұр-Жолы» ветеринарлық бақылау бекетінде Қытайдан Түрікменстанға транзитпен тасымалданған 42,2 тонна мұздатылған, тері-сүйексіз тауық филесі тоқтатылды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, жүк Қазақстан аумағында құс өнімдерінің кей түрін әкелуге және транзиттеуге қатысты уақытша шектеулерді бұзған. Атап айтқанда, тірі құс, инкубациялық жұмыртқа, мамық-қауырсын және кемі +70°С-та термиялық өңделмеген құс етіне уақытша тыйым бар.

Тасымалдаушыға әкімшілік хаттама рәсімделіп, бүкіл партия шыққан еліне кері жіберілді. Министрлік шекарадан өтетін барлық қатысушыны ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version