Isker Tilshi

ForteBank – Қазақстандағы “Жылдың үздік бөлшек сауда банкі”

Фото: Банк баспасөз қызметінің мұрағатынан

ForteBank беделді Asian Banking & Finance Retail Banking Awards 2025 сыйлығында Retail Bank of the Year — Kazakhstan атағын иеленді. Бұл – банктің 2024 жылғы бөлшек бизнес сегментіндегі тұрақты өсімі мен стратегиялық дамуының нәтижесі.

Есепті кезең қорытындысы бойынша, ForteBank-тің негізгі қаржылық көрсеткіштері айтарлықтай өсті:

  • таза пайдасы жылдық есепте 37,7% артты;

  • жалпы несие портфелі 32,1% ұлғайды.

Банк ипотекалық және автонесие бағыттарында позициясын нығайтып, бөлшек сауда кредиттеу өнімдерін әртараптандырды. Сондай-ақ көлік, құрылыс және ауыл шаруашылығы сияқты басым салаларға қомақты инвестиция құйды. Нәтижесінде, банк активтері 4 трлн теңгеден, ал клиенттердің қаражаты 2,87 трлн теңгеден асты.

Asian Banking & Finance сыйлығы жыл сайын Азия-Тынық мұхиты аймағындағы озық банктерді инновацияға, тұрақты дамуға және экономикаға қосқан үлесі үшін марапаттайды. ForteBank осыған дейін де The Banker, Global Finance, Euromoney, Asiamoney, World Finance сияқты беделді халықаралық ұйымдар мен басылымдардан бірнеше мәрте “Үздік банк” атағын алған.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Теңге құнсызданып жатыр: доллар бағамы 550-ге жақындап қалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *