Home Aqtobe Day Ақтөбе облысында көлікке қатысты ірі алаяқтық ашылды
Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында көлікке қатысты ірі алаяқтық ашылды

Фото Polisia.kz

Ақтөбе облысының полицейлері құны 50 миллион теңгеден асатын үш жаңа премиум-класстағы көліктің ұрлануына байланысты алаяқтық әрекетті әшкереледі.

Белгісіз тұлғалар өздерін Қостанайдан Ақтөбеге көлік жеткізу бойынша логистикалық қызмет көрсетуші ретінде таныстырып, заңсыз жолмен автокөліктерді иемденіп кеткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының төрт тұрғыны ұсталды. Олардың екеуі бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Тінту барысында заттай дәлелдер тәркіленді, ал ұрланған көліктер заңды иесіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. ІІМ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып жатқанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version