Саясат

Путин АҚШ-тың арнайы өкілімен кездесу қорытындысы туралы Тоқаевқа баяндады

Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметі.

Әңгіме барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықтың өзекті мәселелері мен бірлескен экономикалық жобалардың іске асырылу барысы талқыланды. Владимир Путин АҚШ президентінің арнайы өкілімен Мәскеуде өткен кездесу нәтижелері жөнінде Қасым-Жомарт Тоқаевты хабардар етті.

Сондай-ақ, алдағы жоғары деңгейдегі кездесулер кестесі қаралды — бұл кездесулер екіжақты форматта да, халықаралық алаңдар аясында да өтпек.

Еске сала кетейік, Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа бірқатар жеңілдік жасау мүмкіндігін қарастыруда. Олардың ішінде Украинаға әуе шабуылдарын тоқтату туралы келісімге келу ықтималдығы да бар.

Кремль, атап айтқанда, АҚШ тарапынан қосымша санкциялар қауіпін болдырмау үшін әуе шабуылдарына уақытша үзіліс жариялау нұсқасын талқылап жатыр.

Дональд Трамп егер Владимир Путин 8 тамызға дейін соғысты тоқтатуға келіспесе, Ресейдің «көлеңкелі флотына» қарсы санкциялар енгізуі мүмкін екенін мәлімдеді. АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Виткофф осы аптада Ресейге баруы тиіс болған. Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, тараптар кездесу орнын келісіп қойған, ол туралы ақпарат кейінірек жария етіледі.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстанның Украинадағы елшілігі ел азаматтарына ол жақтан кетуді ұсынды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *