Home Aqtobe Day Хромтауда «Болашақ» шахтасында жұмыс қайта жанданды
Aqtobe Day Company

Хромтауда «Болашақ» шахтасында жұмыс қайта жанданды

Фото: ERG баспасөз қызметі

Дөң тау-кен байыту комбинатының «Болашақ» шахтасында өндіріс қайта іске қосылды. Бұған дейін екі мәрте сутегі газының тұтануынан кейін жұмыс тоқтатылған болатын, деп хабарлайды «Тілші».

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында Қазақстан, Ресей және Түркияның ғылыми институттарымен бірлесіп желдету жүйесі жетілдірілді. Газды шығару үшін екі тік және бірнеше еңіс ұңғыма қазылып жатыр. Жұмысшылар жоғары дәрежелі қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етіліп, газталдағыштар орнатылған.

Өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптарының сақталауын бақылайтын құзырлы мемлекеттік қадағалау органдарынан жұмысты жандандыруға қатысты тиісті рұқсат алынған. Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Естеріңізге салайық, 2025 жылдың 28 ақпанында «Болашақ» шахтасында бұрғылау жұмыстары кезінде ауаның жанғыш қабатында қысқа мерзімді тұтану болды. Төрт қызметкер түрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, 11 наурызда олардың бірі көз жұмды.

Келесі оқиға 26 мамырда болды. Бұл жолы сутегі газының шоғырлануынан кейін тұтану тіркелді. Үш қызметкер күйік алып, медициналық көмекке жүгінді.

Компания туралы
Дөң тау-кен байыту комбинаты — әлемдегі хром кенін өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Ол 1938 жылы Хромтау қаласында негізі қаланған және «Қазхром» ТҰК» АҚ құрамына кіреді. Ал «Қазхром» – ERG (Eurasian Resources Group) құрамындағы компания. ERG акционерлері қатарында:

  • Қазақстан үкіметі – 40%;
  • Ибрагимовтар отбасы – 20,7%;
  • Александр Машкевичтің мұрагерлері – 20,7%;
  • Патох Шодиев – 18,6%.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version