Home Hi-Tech Тоқаев жасанды интеллектіні дамытудың жол картасын екі айда әзірлеуді тапсырды
Hi-Tech

Тоқаев жасанды интеллектіні дамытудың жол картасын екі айда әзірлеуді тапсырды

Ақорда баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпақтың жасанды интеллектіні (ЖИ) дұрыс қолдануы – еліміздегі цифрлық бетбұрыстың негізгі шарты екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы «AI-Sana» оқыту бағдарламасының студенттердің ЖИ саласындағы дағдыларын жетілдіруде маңызды рөлін атап, оның ауқымын кеңейтіп, ұстаздар мен оқушылардың білімін арттыру үшін жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды.

Президенттің айтуынша, 2024 жылы әлемде ЖИ стартаптарына 100 млрд доллардан астам инвестиция құйылған, бұл – венчурлық қаржының үштен бірінен көп. ЖИ жобаларына қаржыландыру бір жылда 80%-ға артқан.

«Бізде әлемдік деңгейге шығуға қауқарлы таланттар бар. Мемлекет оларды қолдауы тиіс», – деді ол.

Тоқаев Үкіметке:

  • отандық стартаптардың экспортқа шығуына қолдау көрсету,
  • «цифрлық елшілер» институтын қайта қарау,
  • инновациялық экожүйе мен зерттеу орталықтарын ашу жөнінде тапсырма берді.

«Жасанды интеллектіні дамыту – стратегиялық мәні бар міндет. Екі ай ішінде негізгі шешімдер мен ұсыныстарды маған ұсыныңдар», – деп түйіндеді Президент.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version