Экономика

Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге қойылатын талапты күшейтті

Фото: infonews.kz

Қазақстан Ұлттық банкі банктердің міндетті резерв мөлшерін көбейтті. Бұл қадам елдегі артық ақшаны азайтып, бағаның шамадан тыс өсуін тежеу үшін жасалды, деп хабарлайды «Тілші».

Енді банктер:

  • теңгемен алған қаражатының 3,5% және 5%-ын,
  • шетел валютасымен алған қаражатының 10% және 15%-ын
    резервте ұстауға міндетті болады.

Бұрын бұл көрсеткіштер әлдеқайда төмен еді – теңгеде 1,3%, валютада 2,5%. Жаңа талаптар бірден емес, бір жыл ішінде кезең-кезеңімен енгізіледі.

Ұлттық банк мұндай өзгерістің мақсатын былай түсіндірді:

«Қабылданған шаралар артық ақша айналымын азайтуға, ақша-несие саясатының әсерін күшейтуге және инфляциямен күресті тиімді етуге мүмкіндік береді. Басты мақсатымыз – инфляцияны 5%-ға дейін төмендету. Тұрақты әрі төмен инфляция – теңгенің сатып алу қабілетін, халықтың табысын сақтаудың және экономиканың тұрақты дамуының кепілі», – делінген ресми мәлімдемеде.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс банктердің жұмысын тұрақтандырып қана қоймай, қарапайым халықтың да қаржысын қорғауға ықпал етеді.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25%-ға дейін көтерді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *