Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Аян Қорқытұлы тағайындалды, деп хабарлайды «Тілші». Бұған дейін ол ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімін басқарған.
Аян Қорқытұлы 2015 жылы әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланған бейнежазбадан кейін көпшілікке танылды. Ол кезде Шалқар ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы болып, жергілікті бюджет тапшылығын әдеттен тыс еркін стильде жеткізген еді:
«Биыл ақша мүлде жоқ. Айтеке би көшесін жөндеуге бөлінген қаржыны кейін қайта алып қойды. Қысқасы, ақша жоқ, солай жаз, бас қатырма», — деген ол сөзін «Шалқар, чики-чики ғой» деп аяқтаған.