Home Isker Tilshi Tesla Ұлыбританияда электр қуатын сатпақ
Isker Tilshi

Tesla Ұлыбританияда электр қуатын сатпақ

Фото: trashbox.ru

Tesla-ның еншілес компаниясы — Tesla Energy Ventures Ұлыбританияда электр энергиясын жеткізуге лицензия алу үшін өтінім берді. Бұл туралы британдық реттеуші Ofgem сайтына сілтеме жасап, Тілші хабарлайды.

Егер өтінім мақұлданса, компания жергілікті халық пен кәсіпорындарға электр энергиясын 2026 жылдан бастап жеткізуді бастайды.

Tesla тек электромобильдер өндіріп қана қоймай, күн энергетикасы мен энергияны сақтау шешімдерін де әзірлейді. Оның еншілес компаниясы Tesla Electric 2022 жылдан бері Техаста электр энергиясын жеткізіп келеді. Ол клиенттерге энергия тұтынуды оңтайландыруға және артық энергияны компанияға сатуға мүмкіндік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version