Атырау облысының тергеу изоляторында қызық та, бірақ қылмыстық мәні бар жағдай болды – бостандыққа мерзімі жеткен адам емес, басқа сотталушы шығып кеткен, деп хабарлайды Ақжайық.
Белгілі болғандай, себеп – тегі бірдей адамдарды шатастыру. Босатуға арналған құжаттарға басқа адамның деректері жазылып кеткен. Оны бірнеше басшы қол қойып бекіткеннен кейін, «сәттілікке тап болған».
— Тергеу изоляторы қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнына полиция, прокуратура және ҰҚК барды, — дейді дереккөз.