Хромтау қаласы мен Хромтау ауданын электрмен жабдықтау сенімділігін екі есе арттыратын жаңа қуатты қосалқы станция салынды. Ол ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ қаржыландыруымен бой көтерген. Жобаға 12 миллиард теңгеден астам инвестициясы құйылған.
«Хромтау» 220/110/6 кВ қосалқы станциясы электр қуатымен жабдықтауды кеңейту бағдарламасы аясында салынды. Құрылыс барысында жабдықтау мен автоматтандыру және басқарудың заманауи технологиялары қолданылды. Барлық автоматтандыру Siemens фирмасының жабдығында жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Дөң тау-кен байыту комбинатының негізгі бар қосалқы станциясы барлық ауданды электр қуатымен қамдап тұр. Ал тағы бір желі Әйтеке би мен Ырғыз бағытына тартылады. Жаңа қосалқы станцияның қуаты – 125 мегаватт. Мысал ретінде, бұл қосымша бірнеше ауданды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді Дөң тау-кен байыту комбинатының энергия тұтынуы жоспар бойынша 80 мегаватт рұқсат етілген қуатқа жетуі тиіс. Жалпы бұл Хромтау, аудан және жаңа өндіріс нысандарын үздіксіз электрмен жабдықтауға жеткілікті.
– Бұрын Кемпірсай станциясынан электр энергиясын алатынбыз, бұл түгел аудан үшін жалғыз жеткізуші еді, — деп атап өтті Дөң тау-кен байыту комбинатының бас энергетигі Павел Коняхин. – Жабдықтау кәсіпорынның үш желісі бойынша жүргізілді. Станция жаңартылған соң жаңа электрмен жабдықтау көзі пайда болды. Яғни Өлке станциясынан Хромтау станциясына 220 киловольт қосымша желі бар. Енді Кемпірсай желісі өшірілген жағдайда да, біз халықты және өндірісті электр энергиясымен қамтамасыз ете аламыз.
Дөң тау-кен байыту комбинаты жаңа өндірістік алаңдары іске қосылған соң KEGOС және энергетикалық жүйенің бар қуаты жеткіліксіздеу еді. Енді бүкіл энергетикалық жүйенің сенімділігін төмендетпестен, сенімді жұмыс істеуіне кедергі келтірмей-ақ қуатты арттыруға болады.
– Жаңа қосалқы станциясына Дөң тау-кен байыту комбинаты электр цехының электромонтерлері тәулік бойы қызмет көрсетеді, — деп атап өтті электр цехының басшысы Ғани Ерманов. – Күрделі жұмыстар үшін бізде білікті инженерлер мен шеберлер бар.
Қосалқы станция болашақта «Хромтау» жел электр станциясының (ЖЭС) жобасын дамыту үшін арналған. Оның құрылысын ERG аяқтап жатыр.
Жоба мақсаты – Дөң тау-кен байыту комбинатының толық көлемде, 84 МВт-қа дейін үздіксіз электрмен жабдықталуын қамтамасыз ету және «KEGOC» АҚ желісіне қосымша 200 МВт-қа дейін (оның ішінде қуаты 150 МВт болатын жел электр станциясы) электр энергиясын беру мүмкіндігі бар.