Экономика

Блогерлердің табысы құпия болмайды: YouTube пен TikTok деректерді салық органдарына жолдап отырады

Фото: depositphotos.com/ AlexRuhl

Қазақстан билігі енді блогерлер мен контент авторларының табысы туралы мәліметті тікелей халықаралық платформалардан алады. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Такиев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Tengrinews.kz мәліметінше, Қазақстан аумағында тіркелген бірқатар ірі шетелдік компания бар, олардың қатарында Alibaba мен Pinduoduo да бар. Енді YouTube, TikTok, Facebook сияқты табыс әкелетін платформалар қазақстандық жеке тұлғаларға төленген қаражат жөнінде дерек береді.

— Бұл ақпарат бізге мәліметтерді салыстырып, тексеру үшін қажет. Дегенмен, әр азамат табысы туралы декларацияны өзі тапсыруы тиіс, — деді министр.

Егер азамат декларацияны тапсырмаса, салық органдары платформалардан алынған деректер негізінде ескерту жасай алады. Мысалы, «Сіз 2025 жылы осындай көлемде табыс таптыңыз, декларация тапсырып, салық төлеуіңіз керек» деп хабарлауы мүмкін.

Такиевтің сөзінше, бұл тек сұрау салу арқылы ғана емес, халықаралық келісімдер негізінде де жүзеге асады. Қазақстан Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдермен, сондай-ақ өзге де халықаралық алаңдар арқылы ақпарат алмасады.

— Жыл қорытындысы бойынша бізде бар деректердің барлығы алмасу жүйесі арқылы беріледі, — деп түйіндеді министр.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *