Польша құқық қорғау органдары Қазақстанның Украинадағы елшілігінде әскери атташенің көмекшісі болып істейтін азаматты тыңшылық ісі бойынша қамауға алды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты растады. Ведомствоның мәліметінше, қазір шетелдік тараппен байланыс орнатылып, жағдайды шешу бағытында жұмыс жүріп жатыр. Сонымен қатар, азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қажетті шаралар қолға алынды.