Aqtobe Day Әлеумет

Ақтөбе облысында өзендерге онлайн-мониторинг жүргізіле бастады

Фото: gov.kz

Ақтөбе облысында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мақсатында өзен жағалауларына бейнебақылау камералары орнатылды. Бұл бастама облыстық Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан шомылу маусымында жүзеге асырылып отыр.

Қауіпті деп танылған 11 учаскеге барлығы 33 камера қойылды. Камералар 20 есе үлкейту мүмкіндігіне ие, бұл қауіпті аймақты толық дерлік қамтуға мүмкіндік береді.

Енді департаменттің кезекші диспетчері су айдынындағы жағдайды нақты уақыт режимінде бақылай алады. Суда қауіпсіздік ережелерін бұзу, қауіпті жағдайдың туындауы немесе төтенше жағдай белгілері анықталған сәтте ақпарат жедел түрде патрульдік қызметтерге жолданып, олар оқиға орнына дереу аттанады.

ТЖД өкілдерінің айтуынша, камераларды орнату әрекет ету уақытын едәуір қысқартып, алдын алу және құтқару шараларының тиімділігін арттырады.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  «Aktobe Open 2024» турнирінде ирандық атақты гроссмейстер жеңіске жетті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *