Home Әлеумет Тоқаев: Кейде жергілікті билік өкілдері педагог мәртебесі туралы заңды өрескел бұзып жатады
Әлеумет

Тоқаев: Кейде жергілікті билік өкілдері педагог мәртебесі туралы заңды өрескел бұзып жатады

Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Президент «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды, дееп хабарлайды «Тілші» Ақордаға сілтеп.

«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек. Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды. Министрлік олардың мүддесін қорғап қалды. Дұрыс. Біз мұндай келеңсіздікке жол бермеуіміз керек, — деді Президент.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізу қажет екенін айтты.

«Тағы бір мәселе. Маңғыстауда балалар сапасыз тамақтан уланып қалғанын білесіздер. Осы сұмдық жағдайдан кейін мектептегі тамақтың сапасын қадағалау жұмысын Денсаулық сақтау министрлігі толығымен өз міндетіне алды. Бұл өте дұрыс шешім болды. Жалпы, білім саласы – мемлекет үшін стратегиялық мәні бар сала. Сондықтан, құзырлы мемлекеттік органдар білім саласындағы мәселелерден сырт қалмауы керек. Түптеп келгенде, балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе», — деді ол.

Еске сала кетейік, мамыр айында Алматы облысының Долан ауылында болған қайғылы оқиғада мектеп түлегі басқа біреуді шаншып өлтірген. Осы жағдайдан кейін мектеп директоры қызметінен босатылып, оқу меңгерушісі мен екі сынып жетекшісіне қатаң сөгіс берілген еді.

Осыған байланысты Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы облысындағы аталған мектеп басшылығын қорғап шықты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version