Саясат

Путин Трамптан Қырымды «Ресей жері» деп тануды талап еткен

Анкориджде баспасөз конференциясын өткізіп тұрған АҚШ және Ресей басшылары. 15 тамыз, 2025 жыл.

Reuters агенттігінің дерегінше, Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен келіссөздер барысында Украинадағы атысты тоқтату жөніндегі ықтимал келісім аясында аннексияланған Қырымды «Ресей аумағы» деп ресми мойындауды талап еткен. Бұл туралы «Тілші» Азаттыққа сілтеп хабарлайды. 

Бұл талап тек АҚШ-қа қатысты ма, әлде Батыс елдері мен Украинаның да мойындауын қамти ма – әзірге белгісіз. Дереккөздерге сүйенген агенттік мәліметінше, Путин сондай-ақ Ресейге қарсы енгізілген санкциялардың кем дегенде бір бөлігін жоюды қалаған.

Путиннің шарты қандай?
Ұсыныс бойынша, Украина қарулы күштерін Донецк пен Луганск облыстарының толық аумағынан әкетуі тиіс. Сол жағдайда Ресей Херсон мен Запорожье облыстарындағы майдан шебінде атысты тоқтатуға дайын екенін білдірген. Алайда Киев мұндай шартты үзілді-кесілді қабылдамай, өз жерін бермейтінін мәлімдеген.

Қайтарылуы мүмкін аумақтар
Ақпаратқа қарағанда, Ресей Сумы облысының солтүстігі мен Харьков облысының солтүстік-шығысында басып алған шағын аумақтарды қайтаруға әзір. DeepState дерегінше, Мәскеу бұл екі облыста шамамен 440 шаршы шақырымды бақылап отыр. Ал Украина Донбастағы 6600 шаршы шақырым жерді ұстап тұр.

Қосымша талаптар
Дереккөздердің айтуынша, Ресей Украина аумағының кейбір бөлігінде орыс тіліне ресми мәртебе беруді және елде Орыс православ шіркеуінің еркін қызметіне мүмкіндік жасауды да талап еткен.

КӨЗ САЛА ОТЫРЫҢЫЗ:  Қазақстан тұрақты туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *