Home Саясат Тоқаев Путинді Трамппен кездесу қорытындысымен құттықтады
Саясат

Тоқаев Путинді Трамппен кездесу қорытындысымен құттықтады

Фото: kaztag.kz

15 тамызда Аляска штатының Анкоридж қаласында АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей басшысы Владимир Путин алғаш рет жүздесті. Бұл – Трамптың қаңтарда Ақ үйге қайта оралғаннан бергі екі ел көшбасшыларының алғашқы саммиті болды, деп хабарлайды «Тілші».

Саммит барысында тараптар ресми құжаттарға қол қойған жоқ. Дегенмен Дональд Трамп кездесуді «ірі жетістік» деп бағаласа, Владимир Путин кейбір мәселелер бойынша келісімге келгенін айтты, бірақ нақты мазмұнын ашпады. Дегенмен Reuters мәліметінше, Путин Трамптан Қырымды «Ресей жері» деп тануды талап еткен,

Сарапшылардың пікірінше, бұл келіссөзден Ресей көбірек ұтты: 2022 жылы Украинаға басып кіргеннен кейін халықаралық оқшаулауда қалған Путин америкалық жерге шақырылып, құрметпен қабылданды. Бұл оның әлемдік дипломатия сахнасына қайта оралғанын көрсетті дейді олар.

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Ақорданың хабарлауынша, Саммиттен кейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, әріптесін Трамппен кездесу қорытындысымен құттықтады.

Тоқаевтың пікірінше, келіссөздер Ресейдің Украинаға қатысты ұстанымын америкалық тараптың тереңірек түсінуіне жол ашып, күрделі мәселенің шешімін іздеуде ортақ тіл табысуға ықпал етті. Ол Аляскадағы саммиті Ресейдің халықаралық беделін күшейтіп, әлемдік аренадағы өзара түсіністікті нығайту тұрғысынан маңызды кездесу болды деп бағалады.

Әңгіме барысында Путин де Тоқаевқа келіссөздің кейбір нақты қырлары жайлы айтып берді. Әңгімелесу соңында Қазақстан Президенті энергетика саласындағы ынтымақтастық үшін ризашылығын білдірді.

Сарапшылар пікірі
Батыс баспасөзі мен сарапшылары Путиннің бұл сапарын Ресей үшін дипломатиялық жеңіс ретінде бағалады. Өйткені бір апта бұрын ғана санкцияларды күшейтетіні жайлы мәлімдеген Дональд Трамп саммиттен кейін бұл тақырыпты мүлде қозғамады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version